"Мейлі жер сілкінсін, сел бассын, мейлі күн күлімдеп, ай толсын, маған бәрібір!" дейтін адамдарға бір нәрсені түсіндіру, ұқтыру қиынға соғады. Себебі, оларға бәрібір. Жерде өлік жатса, жанынан айналып өте беретін, жап-жас сәби анасымен бірге аштан-аш көшеде қонып жүрсе, қол ұшын бермек түгіл, бір сәт болса да жаны ашымайтын заман ғой. Тіпті заман сондай емес, адамдар осындай дер едім. Жеке басының аман-саулығынан басқа еш нәрсе оларға қызық емес, қызықтырмас та. "Қоғам", "адам" деген ұғымдарды жай ғана сөз ретінде қабылдай алатын, сол сөздің астарында сан қилы тағдыр, сан алуан өмір жатқанынан беймәлім адамдар ғой олар. Бір адамның бойына осыншама зұлымдық, рақымсыздық, немқұрайлылық, мейірімсіздік қайдан ғана жинала қалады?

Осыдан бірнеше ай бұрынғы болған жағдай есіме түсіп отыр. Троллейбуста келе жатқан болатынмын. Аялдамадан таныс қыздар мінді, тұтас екі мың теңгелері ғана бар екен. Жүргізушіге барып уақтата алмай қойды, ешкімде жоқ екен. Көліктің ішінде билет тексерушілер болды. Аз уақыттан кейін тексере бастады. Айтпақшы, елу теңгемді бір тексерушіге уақтатып алған болатынмын. Кезек ана қыздарға келді, олар әлі төлеген жоқ, тексеруші байланды да қалды.  Жағдайды түсіндірмек болған  қыз жылап, жүргізушіге барды, жүргізуші орыс апай „я обязана что ли„ деп шықты. Тексеруші қыздардың билетін тартып алған, "Маған бәрібір! Түс! Айыппұл төлейсің!" деп зекірді. Әрине, бір жағынан, ол - тексерушінің жұмысы. Ал екінші жағынан, адамгершілік қасиет деген болады ғой. Адамды адам түсіну деген болады емес пе? Немесе көктемнің бір күнінде жерде бүктеліп жатқан егде тартқан әйелдің қасынан үндемей өтіп бара жатқан адамдар қандай қатыгез еді? Не үшін көше бойында жатқанын сұрауға да шамалары келмейтін адамның бойындағы не деген қаніпезерлік, не деген салқындық? Кейде мас болып, жерде жатқан адамды да аяп кетесің ғой. Ал осындай жағдайдың болуына не себеп? Немесе қалтағымыздағы ақшаға, шеніміздің жоғары екендігіне сеніп жазықсыз адамның өмірімен ойнауға қандай құқымыз бар? Сол адамның ата-анасы, жанұясы, туған-туыстары бар ма, жоқ па, оларға бәрібір. Тек өзін ғана ойлайтын адамдарды түсіне алмаймын. Жігіттер бейкүнә пәк қыздардың абыройын айрандай төккенде не ойлайтынын түсінер емеспін. Өзінде дәл сондай ана, әпке, қарындас бар бола тұра, қалай ғана осындай әрекетке барады? Құдды бір өзінің анасының, қарындасының ғана өмір сүруге, қатарластарымен бірге бақытты жастық шағын өткізуге құқығы бардай сезінеді. Сол жас қыздың сенің қарындасыңнан қандай кемшілігі бар? Қатыгез адамдарды осындай ойлар мазаламайтыны анық. Жеке басымызды ғана ойлап, дүниедегі адамдарға еш жанашырлық танытпай, ақша тауып жүрген жұмысымызды ғана орындаймыз деп, адамгершілік қасиеттерден жұрдай қаламыз ба деп қорқамын.

Қытай философы Мэн Цзы адамдардың өзгеруін объективті жағдайлармен байланыстырған: "Астық бітік шыққан жылдары жас адамдардың көбі рахымшыл, ал аштық жылдары - мейірімсіз болады", - дейді. Жанталасқан мына заманда жүрегіміз зілге толып, қара түнекке айналса, жағдайымыз не болмақ? "Маған бәрібір" деген түсініктен айырылу адамның жеке санасына ғана байланысты деп ойлаймын. Бәріміз адам болғандықтан, қателеспей, түзеле алмаспыз. Сен түсінбеген, түсінуге тырыспаған әлгі адамның жағдайы өз басыңа айналып келмесіне кім кепіл? Жеке тұлға, адам ретінде өзім сияқты адамның тағдырына бей-жай қарауым дұрыс емес деген ой жадымыздан шықпаса болғаны. Абай айтпақшы, "Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп"...

Дүниеде, қоғамда болып жатқан осындай жағдайлар мені селт еткізеді. Себебі, сол қоғамның бір бөлшегі емеспін бе мен? Маған бәрібір емес. Ал сізге ше?...

 

 

 

 

 

Chandni
Chandni
17 October 2009, 15:25
 7  
просмотров
265
 
Quessir
17 October 2009, 17:10
0
Осында да жағдай болатын: quessir.yvision.kz
Содан кейін біраз ойланып, жеткен жерім: олардыкі дұрыс. Бүгін анау, ертең мынау. Халық тек билікті боқтай біледі, ал өз азаматтық парызы туралы ешкім ойланбайды... мусор лақтырмау болмаса тек, и то, анда-санда ұмыту деген жоқ емес. Уақытында ойлап, әзірлеу керек.
Қатыгез, бірақ дұрыс.
Chandni
17 October 2009, 17:57
0
Мына жағдай сіздің жағдайыңыздан өзгешелігі сол, қыздар кіріп келгенде тексерушілер көлікте отырды, тексерушілер олардың ақша уақтата алмай жүргенін көрді, тіпті біреуі 2000 теңгенің орнына 500 теңге бере салайын деп қалжыңдады. Әрине, қыздар отырар алдында тексеріп алулары керек еді, олардыкі дұрыс деп те айтып жатқаным жоқ. Тексерушінің сырттай бақылап отырып, неге осылай жасағанын ғана түсінбеймін.
whatisthematrix
17 October 2009, 18:28
0
Ойбу мен адам өліп не тағы бірдеме болып жатыр екен деп жетіп келсем...
Chandni
17 October 2009, 18:35
0
Қазір біреу өлсе де, „ааа, өліп қалды ма„ деп отыра беретін адамдар да жетерлік емес пе? Адамның өлуі де селт еткізбес оларды.
Arsik
18 October 2009, 00:07
0
Бүгінгі нигилизм мен пофигизмге таң қалудан да қалып барамыз. Адамзаттың парықсыздығы қалыпты жағдайға айналуда; біреу, сіз айтпақшы, өліп жатса, екіншісі қалтасынан телефонын шығарып, камераға түсіре бастайды.
Zere
18 January 2010, 13:59
0
Өмірде неше түрлі адамдар болады негізі. Мысалы, алдында мен троллейбусте кетіп бара жатып, бір екі қыз әңгіме соғып тұрды. Ана бір қыздың аузы жабылмай сөзде болды. Бір кезде билет тексерушілер келіп еді, әлгі қыз ақша төлейтін жерге жүгіре жөнелді. Кондуктор жігіт ұстап алып, неге қазір ғана төлейін деп жатырсыз деп сұрақтың астына алып еді, мен жана ғана кірдім деп өтірікті зуылдата жөнелді. Тіпті қай жерден кірдіңіз деген сұраққа күмелжіп, басқа бір аялдаманың атын айтып кетті. Түс, айыппұл төле дегенге, кондуктордың өзіне бақыра жөнелді. Сонда автобустың жартысы сол қыздың бағана кіріп, төлегісі келмегендігіне куә. Алайда, ол қыз өзін ақтағысы келіп тұр, өтірікпен. Міне, сондықтан да кондукторларға да қайсы ақиқат айтып, қайсы жалған сөйлеп тұрғандарды айыру да қиын.
Gastarbaiter
26 June 2010, 20:28
0
Қатыгездік адам санының көбеюінің салдарынан өршіп келеді дейді. Ал шындығында адам мың жыл бұрын да қатыгез болған, қазір де өзгермеген. Осында қай қайсыңыз да тек "осылай-осылай, адамдар қатыгез, ал мен ішкі дүниесі сұмдық бай, нәзік жанды адаммын" деп айту үшін ғана жазасыңдар. Қолдан келер шара жоқ кезде күледі адамдар. Және ол адамның қорғаныш реакциясы. Күлді екен деп ренжу бекер. Қолыңнан келе ме, көмектесуге ынтаң бар ма қол ұшын беріп сауабыңды ал. Ал басқа адамдар неге бұлай деп миді тоңқайту ... ия мен нигилистпін.
Чтобы оставлять комментарии, Вы должны быть авторизованы. Если у Вас нет логина, то пройдите регистрацию.
Chandni
14.1
Статистика
Зарегистрирован 20 May 2009
Рейтинг записей 0
Рейтинг комментариев 0.4
Записей в блоге 15
Комментариев 20
Категории блога
войти
зарегистрироваться
сообщества
последние записи
записи по обсуждениям
записи по рейтингу
создать новое сообщество
личные блоги
последние записи
записи по обсуждениям
люди
самые активные
новые
по городам
по интересам
блог проекта
правила участия
помощь
мы на других сайтах
реклама
конкурсы
контакты
WebEverywhere, 2008-2010

Lyakhov.KZ - Большая энциклопедия Казнета Lyakhov.KZ - Большая энциклопедия Казнета